locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бәрі «Барысқа» байланысты: Бурдасовтың агенті келісімшарттағы белгісіздікке пікір білдірді

Бурдасов «Барыста» қалғысы келеді
Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бәрі «Барысқа» байланысты: Бурдасовтың агенті келісімшарттағы белгісіздікке пікір білдірді
ФОТО: ХК БАРЫС

Астаналық «Барыс» клубының эксЙшабуылшысы Антон Бурдасовтың келесі маусымдағы тағдыры әзірге нақты шешімін тапқан жоқ. Ойыншының агенті Шуми Бабаевтың айтуынша, хоккейші Қазақстанда қалуға ниетті болған, алайда клуб тарапынан келісімшартқа байланысты нақты қадамдар жасалмаған.

«Антон бастапқыда «Барыста» қалғысы келді. Бірақ қазіргі жағдайда не болатынын, клубтың ішкі ахуалы қандай болатынын бақылап отырмыз. Қазіргі таңда команда жаңа келісімдер ұсынбай отыр, себебі оларға ойыншыларды тіркеуге қатысты шектеу қойылған. Бұл бізге түсінікті. Алдағы күндері бәрі анықталады деп ойлаймын. Егер жағдай өзгермесе, басқа да нұсқалар бар. Біз үміт үзбейміз», - мәлімдеді Бабаев «Правый хват / Михаил Зислис» арнасына берген сұқбатында.

2024/25 жылғы маусымда Антон Бурдасов «Барыс» сапында 53 ойын өткізіп, 17 (12+5) ұпай жинады. Ол астаналық клубқа «Трактормен» арадағы дау-дамайдан кейін келген еді. Маусым бойы команда тұрақсыздықпен бетпе-бет келіп, ҚХЛ тарихындағы ең сәтсіз маусымдардың бірін өткізді. Турнир қорытындысы бойынша «Барыс» Шығыс конференциясында соңғы орынға табан тіреді – небәрі 35 ұпай жинаған.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Бурдасовтың «Барыстағы» жалақысы шамамен 40 миллион рубльді құраған - бұл қазіргі бағаммен 218,4 миллион теңгеге жуық.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie