«Барлығы орысша сөйлейді». «Барыс» бас бапкері қазақ тілін үйрену жайлы
«Барыс» бас бапкері қазақ тілі туралы пікір білдірді
Хоккей
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Барыс ХК
Казанда өткен «Барыс» пен «Ақ Барс» арасындағы тартысты кездесуден (3:4) кейін астаналық клубтың бас бапкері Михаил Кравецке қазақ тілін үйрену мәселесі туралы сұрақ қойылды.
Кравец бұл сауалға жымиып жауап беріп, команда ішіндегі қарым-қатынастың негізінен орыс және ағылшын тілдерінде жүретінін атап өтті.
«Барлығы орысша сөйлейді, ағылшын тілі де бар… Әзірге осы жеткілікті деп ойлаймын. Дегенмен мен елдің мәдениетіне үлкен құрметпен қараймын, мұның бәрін түсінемін», – деді ол.
Еске сала кетейік, Казандағы ойын аса шиеленісті өтті. «Барыс» соңына дейін табандылық танытқанымен, шешуші сәттерде «Ақ Барсқа» есе жіберіп, 3:4 есебімен ұтылды.