locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барыстың матчына келушілер саны бойынша антирекорд. Бұған тұрақты жеңілістер себеп пе?

Хоккей
Люба Рябинина
Люба Рябинина
Барыстың матчына келушілер саны бойынша антирекорд. Бұған тұрақты жеңілістер себеп пе?
Барыстың матчына келушілер саны бойынша антирекорд. Бұған тұрақты жеңілістер себеп пе?

17 ақпанда ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында өткен “Барыстың” матчына небәрі 2760 көрермен жиналды. Бұл “Барыс Арена” сыйымдылығының 23%-ын ғана құрайды (12 000 орын). Бұл көрсеткіш 2021-2022 жылғы маусымнан бері ең төменгі нәтиже болып отыр, деп хабарлайды Shaiba.kz.

“Барыс” дерлік әр ойында бірінші болып есеп ашқанымен, жеңіске жете алмай келеді. Бұл жолы да команда магнитогорлық “Металлургтан” 1:3 есебімен ұтылды.

Бұл - “Барыс” үшін қатарынан алтыншы жеңіліс. Соңғы рет команда “Сибирьді” жеңіп, 12 ойындық сәтсіздік сериясын үзген еді. Алайда содан бері жеңіссіз келеді. Команда тұрақты чемпионатта 56 матч өткізіп, 29 ұпай жинады және Шығыс конференциясының турнир кестесінде соңғы орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie