Барыстың ҚХЛ 3х3 чемпионатының 5-ші турына құрамы аталды. Күнтізбе де белгілі
Хоккей
Богдан Писаренко
ХК Барыс Астана
16-19 қаңтар аралығында Мәскеуде ҚХЛ 3х3 чемпионатының 5-ші тур ойындары өтеді.
Бұл турнирде "Барыс" минсктік "Динамо", "Металлург" Магнитогорск және "Ақ Барс" клубтарына қарсы ойнайды.
"Барыс" баспасөз қызметі Павел Глотовтың шәкірттерінің алдағы турға құрамын жариялады.
Қақпашылар: Роман Калмыков, Александр Кудрявцев;
Қорғаушылар: Абай Маңғысбаев, Әли Қасенов;
Шабуылшылар: Станислав Александров, Саян Данияр, Вячеслав Колесников, Константин Пушкарев, Дмитрий Макеев, Станислав Филиппенко.
"Барыстың" 5-ші турдағы ойындар тізімі:
- 16 қаңтар. 12:50. Динамо — Барыс
- 16 қаңтар. 14:30 Ақ Барс — Барыс
- 17 қаңтар. 12:00 Барыс — Металлург
- 18 қаңтар. 12:00. Барыс — Ақ Барс
- 18 қаңтар. 12:50. Барыс — Динамо
- 19 қаңтар. 12:50. Металлург — Барыс
Турнирлік кесте
