«Барысқа» жаңа демеуші табылды: клуб құрам мен бапкерлер құрамын өзгертуі мүмкін
1.5 миллиард теңге легионерлерге және бапкерлік штабты жаңартуға жұмсалуы мүмкін
Хоккей
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: ХК «Барыс»
Telegram-дағы «Штаб Хоккеиста» арнасының хабарлауынша, елордалық «Барыс» клубы шамамен 1,5 миллиард теңге бөлетін жаңа демеуші тапқан. Бұл қаражатқа шетелдік ойыншылармен келісімшарт жасалып, команда құрамында ауқымды өзгерістер орын алуы ықтимал.
Егер бұл қаржыландыру расталса, «Барыс» клубында маңызды өзгерістер болады. Атап айтқанда, бас бапкер қызметіне ресейлік маманның келуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл маманның есімі жарияланған жоқ.
Айта кетейік, қазір команданы Ғалым Мәмбеталиев жаттықтырып жүр.
Қазақстаннан АҚШ-қа: жас шабуылшы Солтүстік Америкада жаңа клуб тапты.