«Барыс» жеңілістер сериясын үзіп, ҚХЛ көшбасшыларының бірін сенсациялық түрде ұтты
30 желтоқсанда ҚХЛ-дың тұрақты маусымында омбылық «Авангард» пен астаналық «Барыс» өзара кездесті.
Алғашқы кезеңде қазақстандық команда жеңіске жетті — Всеволод Логвиннің дәл соққысының арқасында.
Одан кейін «Барыс» сапында Алихан Әсетов пен Кирилл Панюков гол соқты, ал «Авангард» құрамында Василий Пономарев пен Марсель Ибрагимов мергендік танытты.
Есеп таблода 2:3 болып тұрғанда, «Барыс» тағы бір шайба салды. Бұл жолы Мэйсон Морелли көзге түсіп, сырт алаңдағы кездесуде есепті 2:4-ке жеткізіп, «Барыстың» жеңісін түпкілікті бекітті!
ҚХЛ. Тұрақты маусым
«Авангард» – «Барыс» – 2:4 (0:1, 1:2, 1:1)
Шайбалар: Пономарев, Ибрагимов – Логвин, Әсетов, Панюков, Морелли.
«Барыс» 36 ұпаймен ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында тоғызыншы орында келеді. «Авангард» 55 ұпаймен Шығыс конференциясында екінші орынға жайғасуда.
Бұған дейін астаналық команда қатарынан төрт матчта жеңіліске ұшыраған болатын.
Келесі кездесуін «Барыс» 6 қаңтарда «Торпедомен» өткізеді.