Барыс сырт алаңда Куньлунь РС клубына есе жіберді
Мытищада өткен Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы кездесуде "Куньлунь РС" мен "Барыс" командасы кездесіп, матч 2:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.
Ойынның 11-минутында "Куньлунь РС" қорғаушысы Мартин Лефевр қазақстандық клуб қақпасына гол соғып, оған америкалық Адам Кленденинг ассист жасады. Ал 29-минутта Фу Паркердің голы ойын барысындағы соңғы шайба болып, "Куньлунь РС" командасының жеңісін қамтамасыз етті.
Қазіргі таңда "Барыс" командасы Шығыс конференциясында 23 ұпаймен 38 ойыннан кейін 11-орында тұр. Ал "Куньлунь РС" 38 кездесуден соң 32 ұпаймен Батыс конференциясында 10-орында.
ҚХЛ. Тұрақты чемпионаты
Куньлунь РС — Барыс — 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)
Шайбалар: 1:0 — Лефевр (Кленденинг), 10:09; 2:0 — Фу Паркер (Сомерби, Душак), 28:59.