«Барыс», «Салават Юлаевты» ойсырата жеңді, бірақ «Трактордан» ірі есеппен ұтылды
Мәскеуде ҚХЛ 3×3 чемпионатының кезекті туры өтуде.
Күннің алғашқы матчында астаналық «Барыс» сенімді ойын көрсетіп, уфалық «Салават Юлаевты» 5:2 есебімен жеңді.
ҚХЛ 3×3. 15-тур
«Салават Юлаев» 3×3 (Уфа) – «Барыс» 3×3 (Астана) 2:5 (1:4, 0:0, 1:1)
Шайбалар: 1:0 - Крикунов (Щитов) - 00:14, 1:1 - Қажібеков - 01:06 Б, 1:2 - Корчагин - 02:57 Б,
1:3 - Александров (Қажібеков) - 03:53, 1:4 - Мигунов (Корчагин) - 04:50, 2:4 - Крикунов (Щитов) - 18:54, 2:5 - Колесников - 19:00.
Қақпашылар: Дубровский - Қалмыков
Алайда екінші ойында қазақстандық команда Челябі қаласының «Трактор» клубына есе жіберді.
«Трактор» 3×3 (Челябі) - «Барыс» 3×3 (Астана) 8:3 (4:1, 3:1, 1:1)
Шайбалар:1:0 - Шумаков (Иванов) - 00:54, 1:1 - Корчагин - 02:57, 2:1 - Аскаров (Губарев) - 05:04, 3:1 - Несветаев (Бородкин) - 05:52, 4:1 - Шумаков (Несветаев) - 06:09, 5:1 - Богуш (Несветаев) - 12:11, 5:2 - Александров - 12:39, 6:2 - Шумаков (Иванов) - 12:50,7:2 - Шумаков (Иванов) - 13:38, 7:3 - Колесников (Перкин) - 17:59, 8:3 - Несветаев (Бородкин) - 20:25.
Қақпашылар: Зубов - Қалмыков
Қазіргі уақытта «Барыс» турнирлік кестенің соңғы орнында тұр, оның еншісінде 21 ұпай бар. Келесі кездесу астаналық команда үшін 4 сәуірде өтеді, қарсылас – Новосібірдің «Сібір» клубы.