«Барыс» маңызды матчтар алдында құрамын күшейтті. КХЛ клубының сапына кім оралды?
Роман Старченко Астананың хоккей командасында ойынын жалғастырады
Хоккей
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: «Барыс»
«Барыс» шабуылшысы Роман Старченко жарақат алғандар тізімінен шығарылды.
Ол командамен бірге іссапарға аттанып, астаналықтар бұл жолы «Сибирь», «Ак Барс» және «Тракторға» қарсы айдынға шығады.
Хоккейші тамыз айында Ромазан мемориалы қарсаңында жарақат алғандар тізіміне енгізілген болатын.
Өткен маусымда Роман Старченко «Барыс» сапында КХЛ-дың тұрақты чемпионатында 27 матч өткізіп, 12 (4+8) ұпай жинады.
Тәжірибелі қазақстандық хоккейші астаналық клубта 18-ші маусымын өткізеді.
Ол – КХЛ тарихында бір команда сапында ең көп ойын өткізген ойыншы (810 матч) және лигада 800 матчтық межеден асқан оныншы хоккейші.