Барыс ҚХЛ сырт алаңдық матчтарына арналған құрамды анықтады
Қазақстандық "Барыс" Москва + Мытыщи - Челябинск маршруты бойынша сырт алаңдық сапарға аттанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
"Барыс" құрамы:
Қақпашылар: Никита Бояркин, Юхан Маттссон, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Виктор Антипин, Әділ Бекетаев, Данил Бутенко, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Мади Диханбек, Никита Камалов, Артём Королёв, Илья Хохлов.
Шабуылшылар: Алихан Әсетов, Станислав Бочаров, Антон Бурдасов, Дамир Жафяров, Дінмұхаммед Қайыржан, Всеволод Логвин, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Иван Николишин, Алихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Никита Сетдиков, Ансар Шайхмедденов.
Айта кетсек, Бейбарыс Оразов U-20 әлем чемпионатының элиталық дивизионына дайындалып жатқан Қазақстан жастар құрамасының қосынында.