locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барыс директоры Нұрлан Оразбаев бас бапкерге қатысты сұраққа жауап берді

Хоккей
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Барыс директоры Нұрлан Оразбаев бас бапкерге қатысты сұраққа жауап берді
Фото: ХК Барыс

“Барыс” клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев баспасөз конференциясында бас бапкер Ғалым Мәмбеталиевке қатысты сұраққа жауап берді. Тілшілердің бірі басшыдан “Мәмбеталиев орнын босатуы мүмкін бе?” деп сұраған еді.

“Бас бапкермен келісімшартымыз үш жылға есептелген. Қазіргі басты мақсат – команданы жасақтап, жайлы микроклимат қалыптастыру. Жігіттер тырысып жатыр, айдынға шығуға мүмкіндік берілгенін бағалайды. Бапкерлер штабының ауызбіршілігі жақсы. Бұл кезеңнен өтуіміз керек, бәрі жақсы болады”, - деді Оразбаев.

Қазір “Барыс” Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 25 ұпаймен 11 орында келеді.

Аңыз Даллмэн Барысқа оралуы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie