«Барыс» бес шайба өткізіп, ҚХЛ аутсайдеріне ойсырай жеңілді
21 желтоқсан күні ҚХЛ (Құрлықтық хоккей лигасы) тұрақты маусымы аясында «Барыс» пен «Сочи» өзара кездесті.
Нәтижесінде қазақстандық команда бұл ойында 1:5 есебімен ойсырай жеңілді. Қонақтар сапында Венгрыжановский дубль авторы атанды. «Барыс» құрамында Симонов мергендігімен көзге түсті.
ҚХЛ. Тұрақты маусым
«Барыс» (Астана) — «Сочи» (Сочи) - 1:5 (1:3, 0:1, 0:1)
Шайбалар:
0:1 — 03:16 Венгрыжановский (Хефенмайер, Попов)
0:2 — 04:51 Сероух (Хефенмайер, Николаев)
1:2 — 05:16 Симонов (Логвин, Уолш)
1:3 — 10:24 Волков (Эллис, Кагарлицкий)
1:4 — 34:06 Ли (Гуськов, Эллис)
1:5 — 58:41 Венгрыжановский (Ли, Попов)
Бұл матчтан кейін «Барыс» 34 ұпаймен ҚХЛ Шығыс конференциясында сегізінші орында тұр.
«Сочи» 25 ұпаймен 11-орында және «Ладамен» бірге ҚХЛ-дің басты аутсайдерлері қатарында.
23 желтоқсан күні «Барыс» өз алаңында Челябі қаласының «Тракторымен» кездеседі.