locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» бақылау кездесуінде «Сібірді» жеңді

Команда жанкүйерлерін қуанта беруде
Хоккей
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: ХК «Барыс»

Маусымға дейінгі дайындық аясында астаналық «Барыс» Новосібірдің «Сібірімен» жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы кезеңде командалар есеп ашқан жоқ. Екінші кезеңде «Барыс» басымдыққа ие болды: Савицкий көпшілік құрамда дәл соққымен есеп ашты, артынша Масси басымдығын еселей түсті. «Сібір» сапынан Уилсон есепті 2:1-ге жеткізді. Қорытынды кезеңде Асетов командасына жеңісті бекітіп, таблодағы соңғы нәтижені 3:1-ге жеткізді.

Барыс (Астана) — Сібір (Новосібір) — 3:1 (0:0, 2:1, 1:0)

1:0 - Савицкий (Омирбеков, Шайхмедденов) - 22:10 көпшілік
2:0 - Масси (Уолш, Галимов) - 22:52
2:1 - Уилсон (Неколенко, Пьянов) - 29:05
3:1 - Асетов (Колесников, Маккошен) - 58:58

Қақпашылар: Шутов - Красоткин

Бұған дейін «Барыс» өз шабуылшысы Ансар Шайхмедденовпен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартқан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie