locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» – «Авангард» – 2:5. Қонақтардың жойқын қысымы және Уиллманның үміт отын жаққан шайбасы. Голдар және матчқа бейнешолу

«Барыс» өз мұз айдынында «Авангардтың» қарқынына төтеп бере алмады
Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Барыс» – «Авангард» – 2:5. Қонақтардың жойқын қысымы және Уиллманның үміт отын жаққан шайбасы. Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Барыс ХК

Астанада өткен кеш «Барыс» үшін оңай болмады - елордалық клуб омбылық «Авангардтан» 2:5 есебімен ұтылды. Алғашқы минуттарда екі команда тең деңгейде ойнағанымен, екінші кезең матчтың тағдырын түгел өзгертті.

Кездесу басталысымен-ақ қонақтар есеп ашты: Пономарев бос кеңістікті тиімді пайдаланып, шайбаны «Барыс» қақпасына дәл бағыттады. Алайда ең соқпалы сәттер үзілістен кейін орын алды - небәрі қырық секунд ішінде «Авангард» қатарынан үш шайба соқты. Михаил Кравец шәкірттері өз аймағында жіберген қателіктерінің кесірінен қарсыластың жылдам шабуылдарына тосқауыл қоя алмады.

Ойынның ортасына қарай табло 0:5 есебін көрсетті. Сол сәттен кейін ғана астаналықтар қарқынын қайта тапқандай болды. Алихан Өмірбеков есепті қысқартса, үшінші кезеңнің соңында Уиллман нәтижені 2:5-ке жеткізді. Дегенмен алаң иелерінің күш-қуаты екінші кезеңдегі сәтсіздіктен кейін толыққанды камбэкке жетуге жеткіліксіз болды.

Сіздердің назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie