locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» алғаш рет Еуропаның үздік жиырма клубының қатарына маңызды көрсеткіш бойынша енді

Жанкүйерлер ерекше еңбек сіңірді
Хоккей
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Барыс» алғаш рет Еуропаның үздік жиырма клубының қатарына маңызды көрсеткіш бойынша енді
ФОТО: ХК Барыс

Континенталдық хоккей лигасының маусымы жаңа рекордпен басталды, оған «Барыс» та өз үлесін қосты. Астана командасы бүкіл Еуропа бойынша топқа ілікті.

Meta-ratings зерттеуі бойынша, 5 қыркүйек пен 4 қазан аралығында «Барыс» алғаш рет Еуропадағы хоккей клубтарының жанкүйерлер орташа келуі бойынша үздік 20-ға енді — 8 267 көрермен. Бұл көрсеткіш, мысалы, КХЛ-дың кейбір клубтарынан, соның ішінде «Спартактан» (8 042 көрермен) да жоғары.

Өз кезегінде, КХЛ Еуропадағы ең көп көрермен тартатын лигаға айналды — орташа есеппен 8 114 жанкүйер. Лигадағы ең көп жанкүйер жинаған клуб — «Авангард», оның ойындарына орта есеппен 11 986 жанкүйер келеді.

«Барыс» КХЛ-дегі соңғы матчында «Ак Барстан» 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie