БАҚ ҚХЛ Жұлдыздар матчына ойыншыларды таңдады. Тізімде «Барыс» өкілдері бар ма?
Континенталды хоккей лигасы журналистердің дауыс беру нәтижесінде Жұлдыздар матчында өнер көрсететін ойыншылардың тізімін әлеуметтік желілерде жариялады. Бұл тізімде «Барыс» өкілдері жоқ.
Дауыс беру арқылы төрт командаға — ҚХЛ Ural, ҚХЛ Rus, ҚХЛ U23 және ҚХЛ World — әрқайсысына үш ойыншыдан таңдалды. Соңғы топқа Ионанис Калдис («Северсталь»), Кевин Лабанк («Шанхай айдаһарлары») және Даниэль Спронг (ЦСКА) енді.
ҚХЛ-дағы Жұлдызды уик-энд 7 және 8 ақпанда өтеді. Алғашқы күні Мастер-шоу байқаулары мен мини-турнирдің алғашқы матчтары өтеді. Келесі күні үшінші орын үшін кездесу мен финалдық матч өткізіледі.
«Барыс» ойыншылары жанкүйерлердің дауыс беруінен де, БАҚ таңдауларынан да өте алмады. Дегенмен астаналық клуб плей-офф аймағына шығу үшін күресті жалғастырып, келесі ойынға дайындалуда.