Қазақстандық хоккейшілер Жапониядан ойсырай жеңілді


Бүгін, 2025 жылдың 12 ақпанында Харбин қаласында әйелдер арасындағы хоккейден қысқы Азия ойындарының финалдық төрттігі басталды.
Алғашқы матчта Қазақстан мен Жапония құрамалары кездесті. Ойын қазақстандық хоккейшілер үшін сәтсіз аяқталды. Бірінші кезеңде жапон құрамасы есеп ашып, алға шықты. Екінші кезеңде олар тағы бір шайба соғып, өз артықшылықтарын нығайтты. Ал үшінші кезеңде қарсыластарымыз тағы екі шайба салып, есепті 4:0-ге жеткізді.
Бұл – Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы жеңілісі. Бұған дейін бастауыш кезеңде біздің қыздар бірде-бір жеңіліске ұшырамай, финалдық кезеңге сенімді түрде шыққан болатын. Алайда, финалдық төрттіктің алғашқы ойыны қиынға соқты.
Ендігі матчта Қазақстан құрамасы 13 ақпанда Астана уақыты бойынша 11:00-де турнир қожайындары – Қытай құрамасымен кездеседі. Ал Жапония құрамасы бастапқы кезеңнен өткен Оңтүстік Кореямен ойнайды.


Теннис
Бүгін 15:48

Футбол
Бүгін 14:58