locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан әйелдер құрамасы да Универсиаданы аса үлкен есеп айырмасымен бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы да Универсиаданы аса үлкен есеп айырмасымен бастады
ФОТО: icehockey.kz

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Италияда өтіп жатқан Универсиаданы Жапония құрамасына қарсы матчпен бастады.

Кездесу 0:10 есебімен аяқталып, жапондықтар басымдық көрсетті.

Бірінші кезеңде Жапония хоккейшілері Қазақстан қақпасына төрт шайба соқты. Екінші кезеңде тағы бір шайба салып, соңғы кезеңде бес голмен ойынды түйіндеді.

Қазақстан Жапониядан бөлек, АҚШ және Чехиямен бір топта бақ сынға түседі.

Универсиада-2025. Бірінші тур

Қазақстан (Ә) – Жапония (Ә) – 0:10 (4:0, 1:0, 5:0)

1:0 – 04:49 – Китамура (Ито)
2:0 – 11:20 – Китамура (Мацумото, Ито)
3:0 – 14:45 – Норо (Чуйо, Сасаки)
4:0 – 18:54 – Нагаока (Камада)
5:0 – 34:53 – Ито ГМ
6:0 – 41:20 – Камада (Нагаока)
7:0 – 49:41 – Кийокава (Мацумото, Ито)
8:0 – 53:43 – Хигучи
9:0 – 53:57 – Хигучи (Хатаде)
10:0 – 55:19 – Сузуки (Сасаки)

Қақпашылар: Кобаяши (Китаджима, 32:08 – 60:00) – Говтва.

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Универсиаданың алғашқы ойынында Швецияны ойсырата жеңді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie