locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы әлем чемпионатына дайындықты Ұлыбританиямен матчтан бастайды

Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы әлем чемпионатына дайындықты Ұлыбританиямен матчтан бастайды
ФОТО: Getty Images

Қазақстанның әйелдер ұлттық хоккей құрамасы 3 сәуірде бірінші дивизионның «В» тобындағы әлем чемпионатына дайындықты бастайды.

Қазақстан хоккей федерациясының мәліметінше, команда Ұлыбританияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 6 сәуірде қазақстандық хоккейшілер алаң иелері – Ұлыбритания құрамасымен бақылау кездесуін өткізеді.

Әлем чемпионатының негізгі ойындары 9 сәуірде басталып, 15 сәуірде Ұлыбританияның Дамфрис қаласында аяқталады. Турнир регламентіне сәйкес, тек топ жеңімпазы ғана бірінші дивизионның «А» тобына көтерілетін мүмкіндікке ие болады. Қазақстан құрамасы топта көшбасшы атану үшін Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Италия, Латвия және Словения құрамаларымен кездеседі.

«Барыс» ресейлік ойыншылармен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отырған жоқ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie