locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жарқын жеңіс пен мінезді бастама: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын сенімді жеңіспен ашты

Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: KХФ

Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы қадамын сенімді жеңіспен бастады. Олег Болякин баптайтын ұжым элиталық дивизиондағы топтық кезеңнің алғашқы матчында Норвегия құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, нағыз жігердің үлгісін көрсетті.

Ойынның басында қарсылас белсенді бастады: 6-минутта Йоханнсен өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, скандинавиялықтарды есепте алға шығарды. Алайда Қазақстан командасы бұл соққыдан есеңгіремей, керісінше, шайқас рухын көрсетіп, ойын тізгінін өз қолына алды.

Екінші кезеңде ұлттық құраманың капитаны Роман Старченко көпшілікте ойнау сәтін тиімді пайдаланып, есепті теңестірді. Бұл шайба Никита Михайлис пен Валерий Ореховтың шеберлікпен ұйымдастырған әдемі комбинациясының нәтижесінде соғылды. Бұл Старченконың әлем чемпионаттары тарихындағы 18-ші голы - ол Қазақстан құрамасының бұл деңгейдегі абсолютті сұрмергені атағын тағы да айқындай түсті.

Ал шешуші сәт үшінші кезеңде туды. Ұлттық құрама сапындағы дебюттік ойынын өткізіп жатқан шабуылшы Владимир Волков Әсетов пен Қайыржанның керемет пасынан кейін шайбаны қақпаға дәл бағыттап, тарихи жеңіс голын соқты.

2025 жылғы әлем чемпионаты. B тобы

Норвегия — Қазақстан — 1:2 (1:0, 0:1, 0:1)

Шайбалар:1:0 — Йоханнсен (Элвсвеен, Острем-Салстен), 05:33; 1:1 — Старченко (Михайлис, Орехов), 25:08; 1:2 — Волков (Әсетов, Қайыржан), 52:08

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 11 мамыр күні Германияға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie