locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан чемпионаты. «Сарыарқа», «Бейбарыс» және «Торпедоның» ірі жеңістері

Отандық лигада тұрақты маусымның үш ойыны өтті
Хоккей
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: «Бейбарыс»

5 желтоқсан, жұма күні, Қазақстан хоккей чемпионатының тұрақты маусымында үш кездесу өтті.

Бұл күнгі матчтардың бірінде қарағандылық «Сарыарқа» «Ақтөбені» сенімді түрде жеңіп, 4:1 есебімен басым түсті.

Қарағанды командасы көшбасшы «Номадты» қуып жетуін жалғастыруда, «Барыстың» фарм-клубынан төрт ұпайға қалып келеді.

«Ақтөбе» — «Сарыарқа» — 1:4 (0:1, 1:1, 0:2)

Шайбалар:
0:1 — 07:36 Волков (Лихотников, Фазлеев). Тең құрамда
0:2 — 21:37 Сиксна (Борисевич, Лихотников). Көпшілікте
1:2 — 35:12 Захаров (Козорез). Тең құрамда
1:3 — 49:57 Фазлеев (Борисевич). Тең құрамда
1:4 — 51:51 Смольянинов (Пальмтаг, Михайлов). Тең құрамда

Қақпашылар: Костюков — Кадочников.


Тағы бір ойында Өскеменнің «Торпедосы» Көкшетаудың «Арланын» 4:1 есебімен сенімді жеңді. Қожайындар алғаш боп гол жіберіп алса да, қарсы қақпаға төрт шайба соғып, Боровков дубль жасады.

«Торпедо» үшінші орында, «Арлан» төртінші болып, қарсыласынан бес ұпайға артта келеді.

«Торпедо» — «Арлан» — 4:1 (1:1, 2:0, 1:0)

Шайбалар:
0:1 — 05:32 Недилько (Свинцицкий, Беляев). Көпшілікте
1:1 — 19:47 Боровков (Рахманов, Быков). Тең құрамда
2:1 — 25:23 Кляузов (Боровков, Быков). Тең құрамда
3:1 — 39:08 Колобов (Рыжий, Гребенщиков). Тең құрамда
4:1 — 58:26 Боровков. Тең құрамда

Қақпашылар: Пестов — Мейдер.

Атырауда өткен «Бейбарыс» пен Рудныйдың «Горняк» клубтары арасындағы кездесуде сегіз шайба соғылды. Жергілікті команда 6:2 есебімен ірі жеңіске жетті.

«Бейбарыс» турнир кестесінде жетінші орында (29 ұпай), ал «Горняк» сегізінші қатарда (22 ұпай).

«Бейбарыс» — «Горняк» — 6:2 (0:1, 3:1, 3:0)

Шайбалар:
0:1 — 16:02 Юлбарисов (Кротов, Гурин). Көпшілікте
1:1 — 26:41 Клочков. Тең құрамда
2:1 — 35:40 Ананичев (Корчагин, Колотыгин). Көпшілікте
3:1 — 37:05 Асуханов (Актаев). Тең құрамда
3:2 — 39:28 Гурин (Степанов, Юлбарисов). Тең құрамда
4:2 — 44:02 Корчагин (Шишов, Дорофеев). Тең құрамда
5:2 — 49:11 Гасников (Стулов, Ананичев). Көпшілікте
6:2 — 56:27 Миллер (Корчагин, Шишов). Тең құрамда

Қақпашылар: Осипов — Нурек.


Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie