Қазақстан чемпионаты: «Номад» жеңіске жетті, «Ақтөбе» көптен күткен жеңісін тойлады
10 желтоқсан, сәрсенбі күні Қазақстан хоккей чемпионатының тұрақты маусымында екі кездесу өтті.
Чемпионат көшбасшысы «Номад» «Құлагерді» 3:2 есебімен тізе бүктірді, ал Адиль Бейсембаев дубль жасады.
«Барыстың» фарм-клубы 50 ұпаймен «Сарыарқамен» бірге турнир кестесінің бірінші сатысында тұр, алайда үш матчқа кем өткізген.
«Құлагер» — «Номад» 2:3 (0:1, 1:1, 1:1)
Шайбалар:
0:1 — 19:16 Бейсембаев. Тең құрамда
1:1 — 27:40 Воробьёв (Попитич). Тең құрамда
1:2 — 34:12 Бейсембаев (Гатиятов, Гусейнов). Көпшілікте
1:3 — 43:38 Ситников (Решетько, Шақшақбаев). Тең құрамда
2:3 — 45:52 Гатин (Бурлака, Шапорев). Көпшілікте
Қақпашылар: Осокин — Дубинскас
Айып уақыты: 18:12 (2:0, 2:4, 14:8).
Ал екінші ойында «Ақтөбе» көптен күткен жеңісіне қол жеткізіп, Рудныйдың «Горнягін» Алексей Козорездің жалғыз шайбасының арқасында жеңді. Бұл — Ақтөбе ұжымының 28 қазаннан бергі алғашқы жеңісі!
«Ақтөбе» — «Горняк» 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)
Шайба:
1:0 — 15:56 Козорез. Тең құрамда
Қақпашылар: Костюков — Нүрек
Айып уақыты: 10:13 (2:0, 4:4, 4:9).