locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Автомобилистен» жеңістен кейін «Барыстың» ҚХЛ-дегі кестесі қалай өзгерді?

«Барыс» сырт алаңдағы жеңістен кейін плей-офф аймағындағы орнын нығайтты
Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Автомобилистен» жеңістен кейін «Барыстың» ҚХЛ-дегі кестесі қалай өзгерді?
ФОТО: Барыс ХК

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дағы турнирлік жағдайын айтарлықтай жақсартты. Екатеринбургте өткен сырт алаңдағы кездесуде «Автомобилистті» 4:1 есебімен тізе бүктірген елордалық клуб Шығыс конференциясындағы плей-офф аймағына қайта оралды.

Бұл жеңістен кейін «Барыс» 36 матчтан кейін 32 ұпай жинап, Шығыстағы сегізінші орынға көтерілді. Турнирлік кестенің тығыздығын ескерсек, әрбір ұпайдың маңызы арта түскені анық. Астаналықтар дәл қазір плей-офф шебінде келе жатқан «Салават Юлаев» пен «Амурды» артта қалдырып, шешуші кезеңге жол ашатын аймақта орнықты.

Команданы алда тағы бір маңызды сынақ күтіп тұр. 18 желтоқсанда «Барыс» сырт алаңда Мәскеудің «Динамосына» қарсы ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie