«Автомобилист» – «Барыс»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы. Онлайн көру
Бүгін, 26 қазанда, астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасына қарсы сырт алаңда матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
18 ойыннан кейін «Барыс» 21 ұпай жинады. «Автомобилист» дәл осынша матчтан соң 18 ұпайға ие.
Алдыңғы матчта астаналық клуб сырт алаңда Владивостоктың «Адмиралына» овертаймда 4:5 есебімен жол берді. Ал Екатеринбург командасы өз алаңындағы мұз айдынында мәскеулік ЦСКА-ны 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
Командалар осы маусымда 14 қазанда Астанада кездескен болатын. Сол жолы «Барыс» 4:1 есебімен жеңіске жетті. Соңғы бес өзара матчта астаналық клуб үш рет жеңсе, «Автомобилист» екі мәрте басым түсті.