Асанәлі Сәркенов өз голымен америкалық команданың ірі жеңісіне үлес қосты
Қазақстандық хоккейші алаңда тамаша ойын көрсетті
Хоккей
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Spokane Chiefs
WHL тұрақты чемпионатының кезекті матчында америкалық «Спокан Чифс» «Венатчи Уайлд» командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
«Спокан» сапындағы қазақстандық шабуылшы Асанәлі Сәркенов бұл ойында бір шайба енгізіп, көзге түсті.
Айта кету керек, 19 жастағы хоккейші осы маусымда төрт матч өткізіп, екі (1+1) ұпай жинады.
Бұған дейін де қазақстандық шабуылшы Александр Ким Финляндия жастар чемпионатының тұрақты маусымында тағы да өз шеберлігін көрсетті деп хабарланған болатын.