Артем Буланов Ақтөбе хоккей клубының жабылуы туралы жаңалықтан кейін ойыншылардың көңіл күйі туралы айтты
"Головой об лед" бағдарламасының сарапшысы мен жүргізушісі Артем Буланов "Ақтөбе" хоккейшілері маусымды сәтті аяқтап, басшылықты таң қалдыруға бел буғанын туралы айтты.
"Жабылу туралы жаңалықтар хоккейшілердің көңіл-күйіне қалай әсер етуі мүмкін? Жалпы көзқарас көнілді болар емес. Бірақ мен команда жетекшілерімен сөйлестім, олар бұрынғыдай тырысатыны жайлы айтты. Сонымен қатар, егер қазір "Ақтөбе" қандай да бір оң нәтижеге қол жеткізсе, онда депутаттар жабу туралы шешімді қайта қарауы мүмкін. Маусымның жақсы аяқталуы оларға әсер етуі мүмкін. Хоккейшілер бәрін түсінеді.
- Спорт әлеміндегі жарқын оқиғаларды біздің Sports24.kz Telegram-арнамыздан көріңіз!
Тағы бір нәрсе, команда матчтан матчқа шығып, жеңіске жетуі керек, ал олар 2007 жылы туған балалар ойнайтын "Номадтан" ұтылып жүр. Осыдан кейін тіпті мен өзім "Ақтөбеге" қоңырау шалып: "Сендер не істеп жүрсіндер? Бізге бұндай клуб керек пе?",- деді Буланов.
Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе" алдағы маусымда қаржыландырудан айырылуы мүмкін. Қазір команда Про-лигада 7-ші орында, деп хабарлайды meta-ratings.
Сондай-ақ оқыңыз: Ақтөбе жастар командасы Jastar hokei Ligasy-де өнер көрсетеді