Арлан қақпашысы Кудрявцев Қазақстан құрамасына шақырту алу мүмкіндігі жайлы пікір білдірді
“Арлан” клубының қақпашысы Сергей Кудрявцев 2025 жылғы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасынан шақырту алу мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді.
“Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасына шақырту алу туралы әңгіме болған жоқ. Қазір біз плей-офф кезеңінде ойнап жатырмыз, сондықтан бұл туралы ойлануға уақыт жоқ”, – деді хоккейші shaiba.kz-ке берген сұқбатында.
Айта кетейік, “Барыс” клубының қақпашылары Никита Бояркин мен Андрей Шутов жарақатына байланысты әлем чемпионатын қатыса алмайды.
29 жастағы Кудрявцев Қазақстан құрамасының сапында төрт әлем чемпионатына қатысқан. Ол 2017 және 2019 жылдары бірінші дивизионның “А” тобында, ал 2022 және 2024 жылдары элиталық дивизионда ұлттық құраманың тізімінде болды. Қазақстан құрамасы сапында ресми турнирлерде екі матч өткізген.
2025 жылғы хоккейден әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Швецияның Стокгольм және Данияның Хернинг қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Норвегия, Германия, Мажарстан, Дания, Чехия, АҚШ және Швейцария командаларына қарсы ойнайды.