Қарағандыда жылдың ең ірі хоккей оқиғасы өтеді


2025 жылдың 26 және 27 сәуірінде Қарағанды қаласында «1XBET Hokei Meiramy 2025» хоккей мерекесі өтеді.
Бұл шара Қазақстан Хоккей Федерациясының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп, еліміздің үздік хоккейшілері мен жанкүйерлерін жинайды.
26 сәуірде сағат 15:00-де салтанатты ашылу рәсімі, мастер-шоу және командаларды таныстыру өтеді. Сонымен қатар, арнайы қонақтардың өнер көрсетуі жоспарланған.
27 сәуірде сағат 17:00-де «Legends vs PRO» жұлдызды матчы өтеді. «Legends» құрамында Қазақстанның және «Барыс» хоккей клубының танымал ойыншылары өнер көрсетеді. «PRO» құрамында Қазақстан чемпионатының жанкүйерлерінің дауыс беруі арқылы таңдалған үздік хоккейшілер болады.
Қатысушы командалардың құрамы мен іс-шара бағдарламасы туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады деп күтілуде.
30 наурызда Никита Михайлис КХЛ-дағы 300 ұпайға жетті.

