«Алматы» ресейлік қорғаушымен келісімшартты ұзартты
28 жастағы Никита Жульдиков өткен маусымда сенімді ойын көрсетті — клуб онымен әріптестікті жалғастырмақ
Хоккей
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: ХК «Трактор»
Shaiba.kz сайтының мәліметінше, «Алматы» хоккей клубы ресейлік қорғаушы Никита Жульдиковпен келісімшартты ұзартты.
Челябинск мектебінің түлегі өткен маусымды «Кулагерде» бастап, төрт матчта бір нәтижелі пас берген. Кейіннен ол «Алматы» сапына ауысып, тұрақты чемпионатта 24 ойында 10 (3+7) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде тағы жеті ойын өткізіп, төрт нәтижелі паспен көзге түсті.
Осылайша, қорғаушыны сақтап қалу арқылы «Алматы» жаңа маусым қарсаңында қорғанысын күшейтті.
Тәжірибелі шабуылшы Антон Петров карьерасын қайта жалғастырып, «Ақтөбемен» келісімшартқа отырды.