Александр Овечкин мұз айдынында жаттығуды бастады
Танымал тілші Тарик Эль-Баширдің мәлімдеуінше, “Вашингтон” клубының ресейлік шабуылшысы Александр Овечкин мұз айдынында алғашқы жаттығуын өткізді.
“Алекс Овечкин жеңіл сырғанау жаттығуларын бастады. Таңертеңгі жаттығуда оның спорттық киіммен жүргенін байқауға болады,” – деп жазды тілші Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қарашада ҰХЛ аясында “Юта” командасына қарсы өткен матчта Овечкин жарақат алды және медициналық тексеріс нәтижелерінен кейін оның сол жақ асықты жілігі сынғаны анықталды. Ресейлік шабуылшының қатарға қосылуына төрттен алты аптаға дейін уақыт қажет.
Осы маусымда Овечкин 18 матч өткізіп, 25 (15+10) ұпай жинады. Жалпы, оның ҰХЛ-дағы мансабында 1444 ойында 868 голы бар.
Alex Ovechkin has started skating lightly. Here he is, in a track suit, (way) ahead of this morning’s practice. (h/t @MonSportsNet photog Greg Abernathy) #Caps pic.twitter.com/aSr7brPQxa
— Tarik El-Bashir (@Tarik_ElBashir) December 2, 2024
Футбол
Бүгін 09:47
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25