Марин Томасов - қазақстандық клубтардың еуропалық жарыстардағы үздік сұрмергені
Футбол
14 жел 2024
12:33

Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор

ФОТО: transfermarkt
12 желтоқсанда Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында “Астана” мен лондондық “Челси” арасында кездесу өтті. Матч 1:3 есебімен аяқталды.
Кездесудің бірінші таймының соңында “Астананың” жалғыз голын хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов елордалық команда сапында еурокубоктардағы өзінің 20-шы голын соқты, бұл қазақстандық командалар футболшылары арасындағы рекорд. Екінші орында Патрик Твумаси, ол “Астана” құрамында 15 гол соққан. Үздік үштікті “Қайрат” пен “Ақтөбенің” бұрынғы шабуылшысы Жерар Гоу түйіндеді.
Қазақстандық командалар сапында Еурокубоктардың үздік сұрмергендері:
- Марин Томасов ("Астана") – 20 гол;
- Патрик Твумаси ("Астана") – 15;
- Жерар Гоу ("Кайрат") – 11;
- Вагнер Лав ("Кайрат") – 8;
- Самат Смаков ("Актобе", “Кайрат”) – 8.
Қарсыластардың тағы 15 ойыншысы өз қақпаларына гол соққанын да атап өтеміз.
Танымал жаңалықтар

Басқа спорт түрлері
Бүгін 09:05

Теннис
Бүгін 08:51

Теннис
Бүгін 07:51
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек