Панатинаикостың жанкүйерлерін Еуролига матчына кіргізбеді
Баскетбол
Азат Максутбек
ФОТО: Getty images
Грек "Панатинаикостың" 150-ден астам жанкүйері кеше, 13 желтоқсанда билеттерінің болуына қарамастан өткен түрік "Анадолу Эфеспен" командасына қарсы матчқа кіргізілмеді.
Порталдың ақпаратына сәйкес, осы жағдайдың салдарынан жанкүйерлердің бір бөлігі арасында түрік полициясымен қақтығыстар болды. Грек жанкүйерлерінің бірі ауруханаға жатқызылды, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
"Панатинаикос" пен "Анадолу Эфес" арасындағы ойын түрік командасының пайдасына 93:67 есебімен аяқталды.