«Ак Барстан» жеңілсе де, «Барыс» ойыншысы матч жұлдызы атанды
«Барыс» ойыншысы Қазандағы матчтың жұлдызы атанды
Хоккей
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Барыс ХК
7 қазан күні Қазанда өткен тартысты ойында «Барыс» пен «Ак Барс» мұз айдынында күш сынасты. Астаналықтар 4:3 есебімен жеңіліс тапқанына қарамастан, жанкүйерлер үшін басты қуаныш – Майкл Веккьоне ойыны болды. Канадалық шабуылшы бір шайба соғып, төрт рет қақпаға тура соққы жасады және алдыңғы шепте ерекше белсенділігімен көзге түсті. Оның еңбегі бағаланып, Веккьоне кездесу жұлдыздарының үштігіне енді.
Кездесудің бірінші жұлдызы – «Ак Барс» шабуылшысы Артем Галимов. Ол дубль жасап, «Барыстың» қорғанысын жиі қысымға алды. Үшінші жұлдыз атағы оның командаласы Кирилл Семеновқа бұйырды. Ол бір нәтижелі пас беріп, үш күш қолдану әдісімен ерекшеленді.