2025 жылғы әлем чемпионаты алдында күтпеген жеңіліс: Қазақстан Словениядан ұтылып қалды
Қазақстан хоккей құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Словения құрамасымен жолдастық матч өткізді.
Кездесу Швецияның Уппсала қаласында өтіп, күтпеген нәтижемен аяқталды - словениялықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Жолдастық кездесу
Қазақстан – Словения 2:3 (0:0; 2:1; 0:2)
Шайбалар: 1:0 - Панюков (Асетов, Гайтамиров) - 20:27, 2:0 - Шестаков (Михайлис, Королев) - 30:39, 2:1 - Ситар (Лангус, Дрозг) - 36:11, 2:2 - Торок (Гренорч, Капел) - 43:31, 2:3 - Капел (Саболич) - 52:43
2025 жылғы хоккейден әлем чемпионаты Швеция мен Данияда өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі ойындарын Данияның Хернинг қаласында өткізеді.
B тобына түскен Қазақстанның қарсыластары: АҚШ, Чехия, Швейцария, Дания, Норвегия, Венгрия және Германия құрамалары. Турнирдегі алғашқы ойынын қазақстандықтар 10 мамырда Норвегияға қарсы өткізеді.