locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әзірбайжан құрамасының капитаны ұшақ апаты кезінде Ақтау әуежайында болған

Футзал
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Әзірбайжан құрамасының капитаны ұшақ апаты кезінде Ақтау әуежайында болған
ФОТО: Getty Images

Футзалдан Әзірбайжан құрамасының капитаны, 33 жастағы Ровшан Гусейнли, Ақтау әуежайында ұшақ апаты кезінде болғанын Report басылымына өзі айтты.

Ол Ақтау әуежайына Астанаға қайту үшін бара жатқанда осы қайғылы оқиғаның куәсі болған.

"Біз Ақтауға Қазақстан кубогына қатысу үшін бардық. Астанаға қайту үшін "Астана" клубының командасымен автобусқа отырып, әуежайға аттандық. Ақтау әуежайының маңы ашық және бәрі көрініп тұратынын көп адам біледі. Бір кезде айқай-шу естілді, адамдар ұшақ құлағанын айтты. Басымды бұрғанымда көк түтін мен лапылдаған жалынды көрдім. Сол маңда өрт сөндірушілер, жедел жәрдем көліктері және тікұшақтар болды. Оқиға салдарынан біздің Астанаға ұшатын рейсіміз 4 сағатқа кешікті", - деді ол.

Айта кетейік, Бакуден ұшып шығып, Грозныйға бет алған AZAL ұшағы Ақтау әуежайына жақын жерде апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған, олардың 29-ы аман қалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie