Жұма Семейге оралуы туралы: \"Торпедодан кету – менің жеке шешімім\"
Қазақстан ұлттық құрамасының футзалшысы Райымбек Жұма Ресейдің "Торпедо" клубынан жалға алу мерзімі аяқталмай жатып "Семейге" қайтуының себептерін түсіндірді.
- "Торпедодан" кету – менің жеке шешімім. Клубқа да, оның жанкүйерлеріне де ешқандай шағымым жоқ. Алайда маған берілген кейбір уәделер орындалмады. Бұл шешім қабылдаудағы басты себептердің бірі болды", – деп жазды Жума өзінің Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың ақпан айында Жұма "Торпедо" клубына жалға берілген болатын, бірақ бір ай өткен соң Қазақстанға оралды. Бұған дейін футболшы "Қайрат" жастар құрамасында ойнап, "Жетісу" және "Каспий" клубтарының намысын қорғаған. Сонымен қатар, Жұма Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 12 матчқа қатысқан.
Сондай-ақ оқыңыз: Жұма Торпедодан жалға алу мерзімі аяқталмай жатып Семейге оралды