locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тюмалиев Қазақстан футзал қауымдастығының бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Футзал
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Тюмалиев Қазақстан футзал қауымдастығының бас хатшысы қызметіне тағайындалды
ФОТО: Getty Images

Қазақстан футзал қауымдастығы (ҚФҚ) Максат Тюмалиевтің ұйымның бас хатшысы болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Даурен Нұрғожин ұлттық құраманың бас бапкерінің көмекшісі ретінде жұмысын жалғастырады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының футзалдағы ең ірі жетістіктерінің бірі – 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында төртінші орын алуы. Сол жарыста қазақстандықтар Коста-Рика, Литва, Тайланд және Иранды жеңіп, Венесуэламен тең ойнап, кейін турнирдің жүлдегерлері Португалия мен Бразилияға жол берген еді.

Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанса, 1999 және 2000 жылдары Азия чемпионаттарының жүлдегерлері қатарынан көрінді.

Сондай-ақ оқыңыз: Нұрғожин Қазақстан футзал қауымдастығының бас хатшысы қызметінен кетті

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie