locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Испания мен Франция күтуде: қазақстандық клубтар ЧЛ-де ең қолайсыз қарсыластармен кездеседі

Екі қазақстандық клуб – Еуропаның үздік сегіздігінде
Футзал
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Испания мен Франция күтуде: қазақстандық клубтар ЧЛ-де ең қолайсыз қарсыластармен кездеседі
ФОТО: AФК Кайрат

5 желтоқсан футзал жанкүйерлері үшін тарихи күнге айналды. ЧЛ-ның 1/8 финалы аяқталып, Қазақстан бірден екі клубын - «Қайрат» пен «Семейді» - турнирдің ширек финалына шығарып, құрлық картасында өз қуатын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алматылық «Қайрат» бұл кезеңде нағыз еуропалық гранд деңгейін көрсетті. Бельгияның «Спортинг-Андерлехтін» сырт алаңда 7:3 есебімен ойсырата жеңіп, Алматыдағы қарымта кездесуде де еш сыр бермеді - 5:3. Қос матчтың жалпы нәтижесі - 12:6. Осылайша, «Қайрат» тағы да құрлықтың таңдаулы клубтары қатарына сенімді түрде еніп отыр.

Ал «Семей» болса, бұл кезеңнің басты сенсациясына айналды. Алғашқы ойында 3:3 есебімен тең түсіп, интриганы тірі қалдырған команда Гливицеде мінез бен табандылықтың нағыз үлгісін көрсетті. Польша чемпионы «Пястты» 5:3 есебімен ұтып, ел футзалының жаңа күшін танытты.

Алда - мүлде басқа деңгейдегі сынақтар. Ширек финалда «Қайрат» Испанияның қуатты «Картахенасымен» күш сынасады, ал «Семейді» Францияның «Этуал» клубы күтіп тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie