locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мем кейіпкеріне айналуыңыз мүмкін» – Булат Есмағамбетов «Қайсардың» ҚПЛ-дегі сәтсіздігі туралы

«Қайсар» мен Виктор Мозес төменгі лигаға түсіп қалу аймағында
«Мемдер кейіпкерлеріне айналуы мүмкін» – Болат Есмағамбетов «Қайсардың» ҚПЛ-дағы сәтсіздігі туралы
@fckaysar_official

Қазақстандық футболдан танымал маман әрі функционер Булат Есмағамбетов қызылордалық «Қайсардың» Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымындағы сәтсіз өнер көрсетуінің себептерін айтты, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Айта кетейік, маусымаралық кезеңде қомақты демеушілік қолдауға ие болып, командаға «Челсидің» бұрынғы ойыншысы Виктор Мозесті шақырған «Қайсар» ҚПЛ аяқталуына екі тур қалғанда төменгі лигаға түсіп қалу аймағында тұр.


Кеше «қасқырлар» Қазақстан премьер-лигасының 23-турынан кейінге қалдырылған матчында «Жетісуға» 1:2 есебімен жол берді. Қазір «Қайсардың» 24 ұпайы бар және клуб ҚПЛ турнирлік кестесінің соңғы сатысында тұр.

«Қазір премьер-лига жаңа стадионы бар команданы жоғалтпауы керек деген пікір көп айтылып жүр. Алайда мен бұл тұжырыммен келіспеймін. Кезінде «Тұран» да Бірінші лигаға түсіп қалған, спорттық қағида әрдайым басты орында тұруы тиіс. Енді «Жетісудан» жеңілгеннен кейін жоғары дивизионда қалу өте қиын болады. Клуб жаттықтырушы таңдауда қателесті: Андрей Ферапонтовты шақырды. Алайда маман бір клубта нәтиже көрсете алғаның келесі командада да міндетті түрде жетістікке жететініңе кепілдік бермейтінін көрсетті. Селекцияда да кемшіліктер болды. Меніңше, мұндай нәтижеге бірқатар себептің жиынтығы алып келді. Сонымен қатар, алдын ала дабыралы мәлімдемелер жасамау керек еді деп ойлаймын. Өйткені сәтсіздікке ұшыраған жағдайда мем кейіпкеріне айналуыңыз мүмкін», – деді Булат Есмағамбетов.

Сонымен қатар Булат Есмағамбетов өзі түлеп ұшқан клубқа қиын жағдайдан шығуға көмектесуге қуанышты болатынын айтты. Алайда «Қайсар» функционерлері әзірге қазақстандық маманды клубқа шақыруға асығар емес.
Бұған дейін Sports24.kz редакциясы қызылордалық клубтың жекеменшік инвестициялар, Виктор Мозестің атышулы трансфері және Қазақстан кубогының финалына шығуы чемпионатты құтқара алмағанының себептері туралы толық талдау жариялаған болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie