Густаво Парадеда: Қазір Еуропада екінші орындамыз, бірақ болашақта алтын аламыз
«Қайрат» футзал клубының спорт директоры Густаво Парадеда Чемпиондар лигасының «Төрттік финалындағы» команданың нәтижесін қорытындылады. Ол Instagram парақшасында өз сезімін бөлісіп, клубтың дұрыс бағытта екенін атап өтті.
«Жеңілістің оңайы жоқ, қандай жағдайда болмасын ауыр қабылданады. Бірақ елге оралып, тағы да әлемнің үздік турнирінде – футзалдан Чемпиондар лигасында жаңа рөлде, алаң сыртында болғаныма шүкір деймін. Бұл – басқа эмоциялар, алайда мақсат өзгермейді: биіктен көріну», — деді Парадеда.
Ол барша команда мүшелеріне алғысын білдірді:
«Бізді әуежайда қарсы алған клуб қызметкерлеріне, жаттықтырушылар мен медицина мамандарына, басшылыққа және ең бастысы – алаңда «қаһарман» болған ойыншыларымызға рақмет айтамын. Мен клубқа оралғанда сенімдімін: біз дұрыс жолдамыз. Қазір Еуропада екінші орында тұрмыз, бірақ болашақта сол алтынды аламыз!»
Біржан Оразов: Келесі маусымда мықтырақ болып ораламыз.