locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің үздік командасы атағына үміткер

Футзал
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің үздік командасы атағына үміткер
ФОТО: KFF

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемнің үздік командасы атағына үміткерлер тізіміне енді.

Futsal Planet номинациясында Қазақстан үздік ерлер ұлттық командасы атағына үміткер ретінде ұсынылды. Сонымен қатар, бұл тізімге тағы тоғыз құрама кірді: Аргентина, Аргентина U-20, Бразилия, Франция, Индонезия, Иран, Марокко, Таиланд және Украина.

УЕФА рейтингінде Пауло Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы екінші орында тұр, ал бірінші орында — Португалия.

2024 жылы Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатына қатысып, ширек финалға дейін жетті. Турнир барысында команда бұрынғы әлем чемпионы — Португалияны жеңген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie