locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Футзалдан Қазақстан чемпионаты. «Қайраттың» кездесуі он голмен аяқталса, рудныйлық «Аят» «Ақтөбені» ойсырата жеңді

Футзал
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Футзалдан Қазақстан чемпионаты. «Қайраттың» кездесуі он голмен аяқталса, рудныйлық «Аят» «Ақтөбені» ойсырата жеңді
ФОТО: Кайрат

Бүгін, 29 наурызда футзалдан Қазақстан чемпионатының 31-ші тур ойындары өтті. Алматылық «Қайрат» пен «Жетісу» арасындағы кездесу он голмен аяқталса, Рудныйдың «Аят» клубы өз алаңында «Ақтөбені» ойсырата жеңді.

Ел біріншілігінің 31-ші туры голдардың молдығымен басталды, алматылық «Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» қабылдады, матчтың есебін «Қайрат» сапында үшінші минутта Арриета ашты, осылар да гол соқты: Оразов екі рет, Арриета, Рашит, Деннис, автогол. «Жетісуда» осылар ерекшеленді: Досов, Исмаилов, Аллеф.

Ағымдағы турдың екінші ойыны да жеңіліспен аяқталды, Рудныйлық «Аят» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады, алаң иелерінің сапында осылар гол соқты: Валиуллин екі рет, Маринкович, Леандриньо, Жеже. Ақтөбеліктердің жалғыз голын Қарағұлов соқты.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты. 31-тур

«Қайрат» – «Жетісу» 7:3 (5:0)

Голдар: Арриета 3 (1:0), Оразов 13 (2:0), Арриета 18 (3:0), Рашит 19 (4:0), Деннис 20 (5:0), автогол 22 (2:47), Исмаил (6:1), (7:2), Аллеф 35 (7:3).

«Аят» – «Ақтөбе» 5:1 (1:0)

Голдар: Валиуллин 5 (1:0), Маринкович 28 (2:0), Қарағұлов 31 (2:1), Леандриньо 28 (3:1), Валиуллин 38 (4:1), Жеже 40 (5:1).

Сондай-ақ «Қайрат» 76 ұпаймен кестеде көш бастап тұр, «Жетісу» 37 ұпаймен алтыншы орында. «Аят» 53 ұпаймен үшінші орында, «Ақтөбе» 41 ұпаймен бесінші орында.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie