Футзалдағы жылдың трансфері? Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб «Семейге» ауысты
Құраманың көшбасшысы клуб ауыстырды
Футзал
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: fcsemey инстаграм парақшасынан
«Семей» клубының баспасөз қызметі даулы трансфер туралы хабарлады: футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб команданың қатарына қосылды.
Өткен маусым Кнауб үшін тарихи сәтке айналды. Алматының «Қайрат» клубының құрамында ол алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды, Чемпиондар Лигасының финалына дейін жетті және 2024 жылғы әлем чемпионатында құраманың негізгі ойыншыларының бірі болды. Кнауб бес гол соғып, команданың үздік сұрмергені атанды.
«Қайратқа» ауысқанға дейін Кнауб «Тұлпар», «Жетісу», «Ақтөбе», Ресейдің «Динамо-Самара» және «Каспий» клубтарында өнер көрсеткен.