locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Фавориттердің ірі жеңістері мен Рудныйдағы тосынсый: футзалдың 2-туры қалай өтті?

«Тұлпар» топ жарды, «Атырау» сенімді қадам басты, «Бәйтерек» таңғалдырды
Футзал
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Фавориттердің ірі жеңістері мен Рудныйдағы тосынсый: футзалдың 2-туры қалай өтті?
ФОТО: МФК Семей

Қазақстан футзал чемпионатының 2-турында жанкүйерлер нәтижелі әрі әсерлі ойындарға куә болды. Қарағандының «Тұлпары» «Жетісуға» еш мүмкіндік бермей, қарсылас қақпасына жеті жауапсыз гол соғып, турдың басты сенсацияларының бірін жасады. Алматылық «Қайрат» та өз шеберлігін паш етіп, «Қарағандыны» төрт доп айырмасымен ұтты.

Алайда турдың басты тосынсыйы Рудныйда тіркелді. «Аят» алғашқы минуттарда 2:0 есебімен алға шыққанымен, «Бәйтерек» табандылық танытып, матч тағдырын түбегейлі өзгертіп кетті - нәтижесінде жеңісті қонақтар еншілеп қайтты.

Бұл күні «Атырау» өз алаңында «Астананы» ойсырата жеңіп, турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі орнын нықтай түсті. «Семей» маусымдағы жеңісті бастамасын жалғастырып, «Каспийді» сенімді түрде тізе бүктірді. Ал Шымкенттегі тартысты ойында жергілікті команда голға толы кездесуде «Ақтөбеден» ұтылып қалды.

Қазақстан чемпионаты. Футзал. 2-тур

«Тұлпар» — «Жетісу» — 7:0 (2:0)
Голдар: Черномордов 10 (1:0), Малибеков 18 (2:0), Дуров 21 (3:0), Калачёв 29 (4:0), Вольман 29 (5:0), Дуров 36 (6:0), Черномордов 37 (7:0).

«Аят» — «Бәйтерек» — 2:3 (2:3)
Голдар: Жеже 1 (1:0), Валиуллин 3 (2:0), Булатов 9 (2:1), Жұмабеков 10 (2:2), Атағұлов 18 (2:3).

«Атырау» — «Астана» — 4:1 (1:1)
Голдар: Джоната 10 (1:0), Борханов 20 (1:1), Есениязов 27 (2:1), Габриэль 34 (3:1), Алиссон 35 (4:1).

«Семей» — «Каспий» — 3:1 (1:1)
Голдар: Дедезиньо 2 (1:0), Колесов 16 (1:1), Кандидо 34 (2:1), Марсело (3:1).

«Шымкент» — «Ақтөбе» — 3:5 (2:3)
Голдар: Ақбаликов 4 (0:1), Нышанов 17 (1:1), Досов 18 (1:2), Құдайбергенов 19 (2:2), Досов 19 (2:3), Сарсенбаев 26 (2:4), Турдыбек 30 (3:4), Күлбаев 34 (3:5).

«Қайрат» — «Қарағанды» — 5:1 (1:0)
Голдар: Реживандерсон 13 (1:0), Оразов 26 (2:0), Занотто 28 (3:0), Атирсон 29 (4:0), Токаев 37 (5:0), Аршкенов 40 (5:1).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie