locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Эдсон 2025 жылы Қазақстан құрамасына қайта оралуды көздеп отыр

Футзал
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Эдсон 2025 жылы Қазақстан құрамасына қайта оралуды көздеп отыр
ФОТО: Getty Images

Алматылық «Қайрат» футзал клубының бразилиялық шабуылшысы Эдсон Қазақстан ұлттық құрамасына қайта қосылу үмітімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

– «Қазіргі таңда ресми ақпаратты күтіп жүрмін. Менің білуімше, 2025 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан құрамасында қайта ойнауға мүмкіндігім болады», – деді ойыншы.

Эдсон алғаш рет Қазақстан құрамасы сапында 2022 жылы өнер көрсетті. Алайда ол кейінірек ұлттық командадағы ойынын тоқтатуға мәжбүр болды. Бұған ФИФА мен УЕФА тарапынан қойылған жаңа талаптар себеп болған. Атап айтқанда, халықаралық ұйымдар спорттық азаматтықты ауыстыру ережелерін қатайтып, енді ойыншы жаңа елде кемінде бес жыл бойы үздіксіз тұруы тиіс деген талап қойған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie