Қазақстандық сұрмерген маңызды ойын қарсаңында ұлттық құрамаға қосылды
Футзал
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
Асхат Кульбаев Қазақстан құрамасына шақыртылып, Данияға қарсы өтетін маңызды үй ойынына дайындықты бастау үшін командаға қосылады. Бүгін ол Астанада жаттығуға кіріседі.
Қазіргі уақытта Кульбаев Қазақстан чемпионатындағы ең үздік сұрмерген. 17 ойында 17 гол соғып, өз нәтижелі ойындарымен көзге түсуде.
1 ақпанда Қазақстан құрамасы Рикардо Кака бапкерлігіндегі Еуропа чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінде Данияға 2:3 есебімен күтпеген жерден жеңілді. Осылайша, үш ойында Қазақстанның активінде 4 ұпай қалып отыр.
Команда қазіргі іріктеу кезеңін Албаниядан 2:0 есебімен сыртта жеңіп, Армениямен 4:4 есебімен тең түсіп бастады. Ал Дания құрамасы Қазақстаннан жеңіске жетіп, үш ұпай жинап, іріктеуде алға ұмтылуын жалғастыруда.