Қазақстан құрамасы «Қайраттың» бразилиялық қақпашысына сенім арта алмайды
Футзал
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Деннис Қазақстан құрамасы үшін натурализацияланбайтын болды, деп хабарлады Futsal Kazakhstan.
Клубтың вице-президенті Андрей Мищенко бұл ақпаратты Telegram-дағы Futsal Legends арнасының жазбасына пікір ретінде растады:
- Паспорт болмайды... Бәрі бітті... Поезд кетті.
Сонымен қатар, Деннис маусым соңында «Қайраттан» кетуі мүмкін екені айтылуда. Инсайдерлердің мәліметінше, 30 жастағы қақпашының келесі клубы Испанияның «Пальма» командасы болуы ықтимал.
Айта кетейік, бразилиялық футболшы 2022 жылы алматылық клубқа қосылып, 2024/25 маусымының соңына дейін есептелген келісімшартқа қол қойған болатын.