locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аят Қайрат пен Каспийдің бұрынғы ойыншысы Графскиймен келісімшартқа отырды

Андрей Графский Қазақстан чемпионатына оралды
Футзал
Александр Шарадкин
Александр Шарадкин
Аят Қайрат пен Каспийдің бұрынғы ойыншысы Графскиймен келісімшартқа отырды
Telegram (Футзал Казахстан). Андрей Графский

Рудныйлық "Аят" командасы универсал Андрей Графскиймен келісімге келді, деп хабарлайды Futsal Kazakhstan Telegram арнасы.

Хабарланғандай, 26 жастағы Графский қазірдің өзінде Рудныйға келіп, "Аят" сапында жаттығуда. Алайда жаңадан келген футболшы тек трансферлік терезе ашылған 10 ақпаннан кейін ғана матчтарға қатыса алады.

Бұл Андрей Графский үшін Қазақстан чемпионатына бірінші рет келуі емес. Бұған дейін ол ел чемпионы атанған алматылық "Қайраттың" және ақтаулық "Каспийдің" құрамында өнер көрсеткен. Графский Қазақстан чемпионатында барлығы 45 кездесу өткізіп, 18 гол соққан. Оның соңғы командасы ресейлік "Факел-Ямал" болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатындағы 17 ойыннан кейін "Аят" 28 ұпаймен және сегіз жеңісімен турнир кестесінде төртінші орында келеді. Соңғы ойында рудныйлықтар өз алаңында "Астанамен" тең түсті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie