locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақтөбе» МФК бас бапкері Тарчило бардағы кешке байланысты клубтан кетеді

Футзал
Адиль Саптаев
Адиль Саптаев
Бас редактор
«Ақтөбе» МФК бас бапкері Тарчило бардағы кешке байланысты клубтан кетеді
«Ақтөбе» МФК бас бапкері Тарчило бардағы кешке байланысты клубтан кетеді

Sports24.kz-ға мәлім болғандай, «Ақтөбе» МФК бас бапкері Виктор Тарчило команда ойыншыларымен бірге ақтөбелік барда көңіл көтергеннен кейін клубтан кетеді.

«Қайратпен» кездесу қарсаңында клуб беларусь маманын 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Мерейтойға орай Виктор Тарчилоға 60-шы нөмірлі естелікке «Ақтөбе» жейдесі табыс етілген еді.

32-ші турда «Қайраттан» (0:5) ірі жеңілістен кейін ақтөбелік футзалшылар Альберт Ақбалықов, Қайрат Иманалин және команданың бас бапкері Виктор Тарчило барға барды.

Клуб басшылығына бұл әрекет ұнамай, ойыншыларды қалдыруды ұйғарса, бапкермен жұмысты тоқтатуды жөн санады. Беларусь маманының кетуі жақын сағаттарда белгілі болады.

Еске салайық, «Ақтөбе» биылғы маусымда бесінші орында, еншісінде 44 ұпай бар.

Виктор Тарчило 2020 жылдан бері «Ақтөбе» МФК-ның бас бапкері қызметін атқаруда. Ол Беларусьтің «Витэн», «Лидсельмаш» және «Сварог» клубтарындағы жұмысымен танымал.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie