Армения – Қазақстан – 4:2. Шешуші кездесуде өкінішті жеңіліс. Голдар мен матчқа бейнешолу
Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы үшін 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы ойыны өтті. Біздің команда сырт алаңда Армения құрамасымен (2:4) ойын өткізді.
Допты тізгіндеген алаң иелері бірінші таймның 14-минутында ыңғайлы 2:0 есебімен алға шықты. Екі голды да Никита Хромых соқты. Ойынынң 16-минутында Дәурен Тұрсағұлов қазақстандықтардың жалғыз голын соқты. Екінші таймда алаң иелері бірден 2 голмен басымдықтарын нығайтты. Ал соңында олар өз қақпаларына автогол соғуға мүмкіндік берді.
Осылайша Қазақстан құрамасы топты 2-ші орынмен аяқтап, Еуро-2026 турниріне тікелей жолдама ала алмады. Енді екінші орын алған командалар жекпе-жегінде өз мүмкіндіктерін сынайтын болады.
2026 жылғы УЕФА Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі. 6-шы топ
Армения – Қазақстан – 4:2
Голдар: Хромых, 7, 14, 24, Агаджанов, 28 - Тұрсағұлов, 16, Агаджанов, 33 (автогол).
Матчқа бейнешолу: